Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңын қараңы (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат 3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi 4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру 5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi 6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi 7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу 2-тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы 8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары 10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі 11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары 12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері 3-тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы 13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары 14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең 15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау 16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері 4-тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар 17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары 18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер 22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен; 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады. 3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады. 4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07 № 148-III ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі; 2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектігі туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер; 3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі; 5) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. ҚР 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртібі 1. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі. 2-тармақтың екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе ХҚО-ға беріледі. Жасына байланысты жәрдемақы тағайындау үшін адам «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы. 3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. 4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса осы баптың 2-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш жасаушыға құжаттарын қайтаруға міндетті. 5. Уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi 1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады. 1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды. 2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады. 3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн. 4. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.04.99 ж. № 366-1 Заңымен; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III Заңымен (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртібі 1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. 2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi. 3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Орталықтың, ХҚО-ның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақылардың сомалары мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін бір мезгілде төленеді. 3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу 1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртібімен жүргiзiлуi мүмкiн. 2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi. 3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды. 4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды.
2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары 1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. 2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады. 3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде, мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып, қайта қаралады. 4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi. ҚР 21.03.2002 № 308 Заңымен 9-бап жана редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07 № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Мүгедектік топтары Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ мүгедектік туындаған уақытты МӘС бөлімшесі белгілейді. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
ҚР 21.03.02 ж. № 308; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі 1. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады. 2. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады. Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді. 3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады. Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1; 2004.31.12 № 28-III (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге: 1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар 1-1) бала кезiнен мүгедектер; 2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер; 5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады. ҚР 21.03.2002 № 308-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; ҚР 09.01.03 ж. № 382-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері 1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде; екінші топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,39 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар: 1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап: бірінші топтағы мүгедектерге - 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді. 5. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
3 тарау. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары 1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады. 2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып: 1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды; 2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы; 3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi; 4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi. 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар. 4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. 5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi. 6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық ережелерi, егер бұл фактiлер сот тәртібімен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады. 14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi. 15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау 1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады. 2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi. 3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады. 4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады. 5. Отбасының мүшелерiнiң бiреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi.
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.31.12 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) |