Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы (2010.07.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты; 12) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 15) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 18) «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|