Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы (2017.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 763 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.08.06. № 856 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.11. № 1753 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.05. № 542 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 403 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.09.12. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 421 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.22.11. № 763 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің (олар болған жағдайда) ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2010.28.08. № 846 Қаулысымен 1-1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.08. № 952 Қаулысымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2010.28.08. № 846 Қаулысымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2014.27.08. № 952 Қаулысымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2014.27.08. № 952 Қаулысымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында 2013 - 2017 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады; 1-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы 2016 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді; 2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; ҚР Үкіметінің 2009.20.11. № 1903 қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады; 3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды; ҚР Үкіметінің 2010.08.04. № 293 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 234 Қаулысымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 2010 - 2020 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 763 Қаулысымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы 2011 - 2014 жылдардың қорытындылары бойынша таза табысының 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер төлеуге жұмсайды; 3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы 2013 - 2016 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды; 3-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы 2016 - 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды; 3-5) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы 2016 - 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды; 2009.08.06. № 856 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1753 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы 2010-2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады; 4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 2010-2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады; 5) осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мен мемлекеттің қатысу үлестеріне таза табысының бір бөлігін төлеуге жұмсайды деп белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2009.20.11. № 1903 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін; 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2009.08.06. № 856 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 542 Қаулысымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 763 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылдан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 542 Қаулысымен 2-3-тармақпенм толықтырылды 2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 403 Қаулысымен 2-4-тармақпен толықтырылды 2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамында қалатын 2013 - 2016 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2016.09.12. № 787 Қаулысымен 2-5-тармақпен толықтырылды 2-5. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза кірісінің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2017.11.07. № 421 Қаулысымен 2-6-тармақпен толықтырылды 2-6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының иелігінде қалған, 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Қазақстан Республикасының банктік және қаржы жүйелерінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жіберуді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2017.22.11. № 763 Қаулысымен 2-7-тармақпен толықтырылды 2-7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» және «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамдарының иелігінде қалған, 2016 - 2018 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Астана қаласындағы Энергия үнемдеу технологияларының көрсету орталығының және Алматы қаласындағы энергия тиімділігі орталығының құрылысын аяқтауға жұмсауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2009.08.06. № 856 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.20.11. № 1903 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 763 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 542 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 403 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.09.12. № 787 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3 және 3-2-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 633 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 1-қосымша
Ұлттық холдингтердің тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2009.25.03 № 399 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12. «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ; 13. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1330 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 14. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ 15. ҚР Үкіметінің 2010.01.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 395 қаулысымен (бұр.ред.қара) ); ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 2-қосымша Ұлттық компаниялардың тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ.
ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 345 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 3-қосымша Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі
1. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ 2. ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 345 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2012.20.03. № 345 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 542 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.09.12. № 787 Қаулысымен 3-2-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 3-2-қосымша
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы. 2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы. 3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы. 4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы. 5. «Қазконтент» акционерлік қоғамы. 6. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 7. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 9. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 34, 338-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 412-құжат). 4. «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, № 15, 192-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы № 599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 288-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 392-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 120-құжат). 10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 566-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 647-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 414-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 462-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 133 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 64-құжат).
|