|
|
|
Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған (2008.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын одан әрі іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспарының 1.6., Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 81-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 4. Орталық атқарушы органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері (коммуналдық меншік бойынша) жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау 3.1. Мемлекеттік активтерді есепке алу 3.3. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару 3.4. Мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің 3.4.1. Ұлттық компанияларды басқару 3.4.2. Даму институттарын басқару 3.5. Мемлекеттік мекемелерді басқару 3.6. Меншіктің мемлекеттік мониторингі 3.8. Жекешелендіруден кейінгі бақылау 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерi 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігi 5.1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру 5.2. Заңнамалық базаны жетілдіру 5.3. Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар 5.4. Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік 5.5. Мемлекеттік холдинг және Басқарушы компания 5.6. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар 5.7. Дивидендтік саясатты жетілдіру 5.8. Меншіктің мемлекеттік мониторингі міндеттерін 5.9. Мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін айқындау 5.10. Мемлекеттік жекешелендіру саясатын іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар 5.11. Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру 5.12. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) басқару органдарында мемлекет мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалардың олардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі қорытындылары, мемлекеттік мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілігін арттыру 5.13. Мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылау тетігін жетілдіру 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 8. Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары
«Қазақстан 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдап жатқан шаралар мемлекеттік мүлікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы экономикасының серпінді дамуы мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласында айқындалған басымдықтарды үнемі қайта қарауды талап етеді. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1.6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Қалыптастырылуы мемлекеттің функциялары мен мүдделеріне негізделуге тиіс мемлекеттік мүліктің құрамын нақтылау, мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін бағалау өлшемдерін нақтылау және оны есепке алу жөнінде бірыңғай базаны қалыптастыру бүгінгі күні мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы неғұрлым өзекті міндеттер болып табылады. Бүгінгі күні мемлекет активтері тізбесінің айқындалмағанын ескере отырып, осы бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелерін айқындауды орынды деп санаймыз.
3. Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай-күйін талдау
Республикадағы 90-жылдары жүргізілген кең ауқымды жекешелендіру салдарынан республиканың экономикасындағы жеке сектордың үлесі елдің жалпы ішкі өнімінің 85 пайызына дейін ұлғайды. Сонымен бірге, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет еншілес кәсіпорындарды қоса алғанда, 537 мемлекеттік республикалық кәсіпорынның және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеменің; 4255 коммуналдық кәсіпорынның және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеменің меншік иесі болып табылады. Республикалық мемлекеттік меншікте ұлттық компаниялар мен даму институттары акцияларының пакеттерін қоса алғанда, 177 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар. Коммуналдық мемлекеттік меншікте 243 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар. Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мақсатында Үкіметтің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 және 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулыларымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдары құрылды. Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында 2003-2005 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша, оның ішінде мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулыларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін айқындау, келісу және бекіту ережесіне шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын мемлекеттік бюджетке аудару нормативтерін келісу кезінде мемлекеттік басқару органдарының Қаржы министрлігіне (жергілікті - қаржы органдары), өндірісті дамытуға жоспарланған жылдың таза табысының нақты бөлігін пайдалану қажеттілігіне экономикалық негіздеме беру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың әкімшілік шығыстарына мониторинг жүргізу тетігі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысымен мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібі бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 630 қаулысымен біріккен-бақыланатын ұйымдар қызметін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысатын заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне мониторингті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қолданыстағы қаржылық ақпарат нысандарын жетілдіру мақсатында «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығы шығарылды. Мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында республикалық меншік объектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін мониторингтеу жүйесі құрылғанын және ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын атап өту қажет. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңы қабылданған. Заң қызметі еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің негізін құрайтын ірі кәсіпорындарда болып жатқан процестер туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік активтерді басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау бірқатар проблемаларды, оның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіретін лауазымды адамдар тарапынан мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың жеткіліксіздігін анықтады. Ұйымның қызметі мен кіріс көздерін талдау, олардың құрылған кезде шешу жүктелген міндеттердің орындалмағанын (тиісінше орындалмағанын) анықтады. Жекелеген ұйымдардың, оның ішінде акционерлік қоғамдардың кіpісі, негізінен, мемлекеттік органдарға қызметтер көрсету есебінен қалыптасады. Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың теңгерімінде едәуір артық және өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлік бар. Ұйымдардың залалды қызметінің нәтижесінде шаруашылық жүргізу құқығында берілген мемлекет мүлкінің құнын және мемлекетке тиесілі акциялардың теңгерімдік құнын азайтуға ықпал еткен меншікті капитал мөлшері азайды. Бірқатар ұйымдардың талап ету мерзімі бір және одан да көп жыл бұрын өткен дебиторлық берешегі бар. Мұндай жағдай ұйымдардың қаржылық жағдайына барынша теріс әсерін тигізеді. Жекелеген мемлекеттік органдарда өздеріне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметі туралы ақпарат жоқ, олармен байланыс үзілген, атқарушы органдар жұмыс істемейді. Мемлекеттік органдар жұмыс істемейтін ұйымдарды Заңды тұлғалар тізілімінен шығару жөнінде қажетті шараларды қабылдамайды. Сондай-ақ, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына, коммуналдық меншікке берілуіне байланысты Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақтылы енгізілмейді. Бұдан басқа, бүгінгі күні мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы салдарынан туындаған проблемалар, атап айтқанда: Республикалық кәсіпорындар мен республикалық мекемелерге бекітілген меншікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықтың бұзылуы; тіркеуші органдарда жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарды тіркеудің болмауы; шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік республикалық кәсіпорындарға бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру жөніндегі талаптардың сақталмауы; жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру (өзгерту) бөлігіндегі талаптардың сақталмауы; қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлаудың төмен деңгейі және ұйымдардың жоспарланған көрсеткіштерді орындамауы; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген ақпаратты уақтылы, сапалы және (немесе) толық емес көлемде беруі; ұйымдардың кейбір әкімшілік шығыстар бойынша лимиттерді, оның ішінде қызметтік жеңіл автомобильдердің тиесілілік нормативтерін, әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормативтерін сақтамауы; ұйымдардың бухгалтерлік қызмет қызметкерлері біліктілігінің төмен деңгейі және олардың бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнама талаптарын орындамауы белгіленді. Осылайша, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты іс-шараларды әзірлеу қажет.
3.1. Мемлекеттік активтерді есепке алу
Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың аса маңызды шарттарының бірі оның жағдайы туралы толық ақпаратты білу болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізу «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімінде (Тізілім) регламенттелген. Тізілімнің құрылымы мемлекеттік активтерді басқару саласында айқындалатын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оңтайландырылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Тізілім құрылымына «Қаржылық ақпарат» ақпараттық блогы біріктірілді, бұл мерзімді қаржылық есептілік және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (олардың еншілес ұйымдарының), акцияларының пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі шаруашылық серіктестіктер), сондай-ақ ұлттық компаниялардың, олардың тәуелді және бекітілген нысандар бойынша бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларына дерекқорды жасауға және жүргізуге арналған. Сонымен қатар, мемлекеттік активтерді есепке алу жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі республикалық және коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді есепке алу жөнінде уәкілетті органдар арасында өзара іс-қимылдың нақты тәртібінің болмауы. Осыған байланысты, жалпы алғанда мемлекеттік активтерді барынша толық, дұрыс және жүйелі есепке алуды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қалады: «оn-line» режимінде коммуналдық және республикалық меншіктің құқық субъектілеріне Тізілімге қол жеткізуге рұқсат беру арқылы республикалық және коммуналдық меншік бойынша және мемлекеттік меншік объектілерін есепке алу жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мүліктік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық кесімдер - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары; «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды және жұмыс істейді. 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде заңнамалық базаны қалыптастыру және жетілдіру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Сонымен бірге, заңнамалық база одан әрі жетілдіруді қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік активтерді басқару саласындағы міндеттердің бірі қоғам мен мемлекеттің нақты қажеттіліктеріне негізделе отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың санын оңтайландыру болып табылады. Бұл ретте, «мемлекеттік кәсіпорын» ұйымдық-құқықтық нысаны басқа ұйымдық-құқықтық нысанды пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда қолданылуға тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындардың мақсаты мемлекеттің мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты оның маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге арналған. Бұдан мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі өз қызметінің барынша жоғары кірістілігіне қол жеткізуге бағытталған коммерциялық мақсаттарға ғана негізделуге тиіс емес деп айтуға болады. Алайда, заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік кәсіпкерлік ретінде түсініледі. Заңнаманы талдау бүгінде шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы, қызметтің ұқсас түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) жұмыс істеуге тиіс қызметтер салалары соңына дейін айқындалмағанын көрсетті. Бұдан басқа, қазыналық кәсіпорындар қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда жүзеге асыруы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік монополия шаруашылық жүргізу тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актілерінің негізінде, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсіздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан орынсыз болатын жағдайларда жүзеге асыратын қызмет саласы түсінілетіні заңды түрде айқындалған. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласында шаруашылық жүргізуді жүзеге асыруда мемлекеттік монополия болып табылады. Мемлекеттік монополия субъектілерінің тізбесі және осы субъектілер монополиялық жағдайды иеленген салаларды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды. Сонымен қатар, сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік монополия тауарларды әкетумен және (немесе) әкелумен айқындалады, ол Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған шаруашылық субъектілеріне құқық беру түрінде немесе жеке тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге арналған конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шарасын ұсынады. Бұл ретте, жеке тауарларды әкету және (немесе) әкелу мемлекеттік монополия тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді лицензиялау негізінде жүзеге асырылады. Оларға қатысты мемлекеттік монополия енгізілетін жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Yкіметі ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес немесе кемсітпеу қағидаттары және адал коммерциялық тәжірбие негізінде тауарларды әкету және (немесе) әкелу жөніндегі операцияларды жасауға міндетті мемлекеттік кәсіпорындарға беріледі. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түрлерін түгендеу жөнінде жұмыс жүргізу шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істеуі және оларды құрған кезде мемлекет негізге алатын мақсаттар айқындалуы тиіс қызмет саласын нақты анықтау қажет. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің салаларын заңнамалық деңгейде регламенттеуді белгілеу осы жұмыстың қорытындысы болады. Заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарының толық өтелуін, оның қызметінің шығынсыздығын және өз кірісі есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ал қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік басқару органы белгілейді. Бұл ретте, қазыналық кәсіпорынның қызметі мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттік басқару органы бекітетін смета бойынша өз кірісі есебінен қаржыландырылады, қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісі тиісті бюджетке аударылуға тиіс. Қазыналық кәсіпорындар кірістер мен шығыстарды бухгалтерлік есепте мойындайтынын және қаржылық есептілікті есептеу әдісіне сәйкес жасайтынын атап өту қажет, ал смета кассалық әдіс негізінде жасалады. Осылайша, қаржылық есептілікте көрсетілген кіріс сметада көрсетілетін кіріске сәйкес келмейді. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың алдынан тағы бір проблема туындайды. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығына негізделгең мемлекеттік кәсіпорынның резервтік капиталының қаражаты тек шығындарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, кәсіпорынның өзге қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік кредиттерді өтеуге және кәсіпорынның өзге қаражаты жетпеген жағдайда, олар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеуге пайдаланылады. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамаға сәйкес резервтік капиталды кредиттерді өтеуге және олар бойынша сыйақыларды төлеуге пайдалануға болмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |