|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының Заңы
Ғылым туралы (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ 6-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері 7-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар 9-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметі 11-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар 4-тарау. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 12-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу 13-бап. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің демалыстары 14-бап. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары 16-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу 5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ 17-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті басқару және оның қағидаттары 18-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 18-1-бап. Апелляциялық комиссия 19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер 20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы 21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама 23-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу 6-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 24-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру 27-бап. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 27-1-бап. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру 7-тарау. ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 28-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру 29-бап. Халықаралық ынтымақтастық 30-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттiк-жеке әрiптестiк», «мемлекеттiк-жеке әрiптестiкті» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік-жекешелік әріптестік», «мемлекеттік-жекешелік әріптестікті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнында», «жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орындарымен», «Жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орны», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім; 2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам; 3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы; 4) ғылым жөніндегі ұлттық баяндама - әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылымды дамытудың басым бағыттарын негіздеуді қамтитын жыл сайынғы есеп; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) ғылыми бағыттар сыныптауышы - ғылыми бағыттарды сыныптауды және кодтауды белгілейтін құжат; 5) ғылыми-білім беру консорциумы - ғылыми ұйымдар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар, оның ішінде өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, технологиялық инновацияларды әзірлеу және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін бірлескен шаруашылық және ғылыми қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты уақытша бірлестік; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым -нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 7) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама - болжанған ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат; 8) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясат - мемлекеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатынасын білдіретін, ғылым мен техника саласындағы әртүрлі ұйымдар қызметінің, ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асырудың, жаңа технологиялар жасаудың, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі басымдықтарын, мақсаттарын, бағыттарын, қағидаттарын, нысандары мен әдістерін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; 9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет есебі - ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есеп - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері; 11) ғылыми-зерттеу жұмысы - бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс; 12) ғылыми зерттеулер - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер; 13) ғылыми инфрақұрылым - ғылыми ұйымның балансындағы ғылыми зертханалық және инженерлік жабдық, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, бірегей объектілер, сондай-ақ өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік; 14) ғылым кандидаты, ғылым докторы - ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер; 15) ғылыми қызмет - зерделенетін объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшелiктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімдi практикада пайдалануға бағытталған қызмет; 16) ғылыми қызметкер - ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке адам; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 16-1) ғылыми тағылымдама - «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, ғалымдардың таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіптік құзыреттерді дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда тағылымдамадан өтуі; 17) ғылыми-техникалық ақпарат - ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік қызмет барысында алынатын, ғылымның, техниканың, технологиялардың ұлттық және шетелдік жетістіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат; 18) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, конструкторлық, экономикалық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техника мен өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет; 19) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-1) тармақша жаңа редакцияда 19-1) жетекші ғалым - уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 19-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - инвестициялық кірісі ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталатын, қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры; 20) зияткерлік меншік - азаматтың немесе заңды тұлғаның ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижесінде алынған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарына айрықша құқығы; 21) инженерлік-техникалық қызметкер - ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін, кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізуге және оны іске асыруға жәрдемдесетін жеке адам; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды 21-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі - ғылым саласында үздік жетістіктері бар, ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда академия сайлайтын ғалым; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор - уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 23) қолданбалы ғылыми зерттеу - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-1) мемлекеттік тапсырыс - уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы; 24) салалық уәкілетті орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25) стратегиялық ғылыми зерттеулер - стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған іргелі не қолданбалы ғылыми зерттеулер; 26) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау; 27) тәжірибелік өндіріс - негізгі қызметі тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді дайындау және байқаудан өткізу болып табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор - ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 29) іргелі ғылыми зерттеу - табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу бөлігінде осы Заңмен реттелген құқық қатынастарға сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының күші қолданылмайды. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 2-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 2-2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып реттеледі. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының Президентіне ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы енгізеді; 4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясын (бұдан әрі - Жоғары ғылыми-техникалық комиссия) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді; 5-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады; 8) зерттеу университеті мәртебесін береді және оның даму бағдарламасын бекітеді; 9) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғаларды айқындайды; 14) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне: 1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды 2-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту; 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу кіреді. Биологиялық қауіпсіздік саласын қозғайтын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту; 4) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және олардың қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылды 5-1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту; 5-2) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды 5-3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-4) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекіту; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-5) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу; 6) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу; 7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті4-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІ6-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері7-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар8-бап. Ғылыми ұйымдар9-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметі10-бап. Зерттеу университеті11-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар 4-тарау. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ12-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу13-бап. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің демалыстары14-бап. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары15-бап. Ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу шаралары16-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу 5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ17-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті басқару және оның қағидаттары18-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия18-1-бап. Апелляциялық комиссия19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама22-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу23-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу 6-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ24-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру25-бап. Базалық қаржыландыру26-бап. Гранттық қаржыландыру27-бап. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру27-1-бап. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру 7-тарау. ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ28-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру29-бап. Халықаралық ынтымақтастық 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |