|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі № 429-1 Заңы (2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу 3-1-бап. Алып тасталды 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi 7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары 8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау 9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары 10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты 11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары 12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу 12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары 13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау 15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау 16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары 17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану 19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру 21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі. 10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) алкоголь өнімі - Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі - техникалық регламент) талаптары қолданылмайтын өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан асатын, құрамында спирт бар тағамдық өнімді пайдаланбай немесе пайдалана отырып дайындалған тағамдық өнім; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімінен басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі; 4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату; 5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту; 6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы; 7) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) есепке алатын бақылау аспаптары - электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уəкілетті органға жəне оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту өнімінен басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары жəне есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сəйкестендіру жəне арақтарды, айрықша арақтарды жəне тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары - уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (толысылған шараптан, сыра қайнату өнімінен басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма; 9) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) қойма үй-жайлары - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн); 12) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат; 14) пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы; 15) сақтау - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау); 16) сәйкестендіру - өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) стационарлық үй-жайлар - сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi. Осы Заңда стационарлық үй-жайларға жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелері, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелері, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханалары теңестіріледі; 18) сусыз спирт - құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-1) сыра қайнату өнімін құю - сыра қайнату өнімін тасымалдау мен сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;»; 19) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер; 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат; 20) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс; 21) фирмалық мамандандырылған дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай; 22) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда 23) этил спирті - ашымықты кейіннен айдау және (немесе) тазартып айыру немесе этил спирті шикізатын тазарту арқылы құрамында қант және крахмал бар шикізатты (жемістен басқа) спирттік ашыту әдісімен өндірілген, құрамында ілеспе ұшпа қоспалары бар, сондай-ақ тағамдық шикізаттан дайындалған этил спиртінің бас фракциясынан және этил спиртін, арақтарды, ликер-арақ бұйымдарын өндіру кезінде түзілетін қайта өңдеу өнімдерінен алынған этанол су ерітіндісін білдіретін, күштілігі кемінде 88 пайыз өнім; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) тармақша өзгертілді 24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту және сыра қайнату өнімінен басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректер; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тəртіппен айқындалған заңды тұлға;
2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады. 2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау; 2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау; 3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді: 1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу; 4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда 5) техникалық регламентке сәйкес этил спирті мен арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу; 6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттік есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау; 7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; 8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 9) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Осы бапта көзделген этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелетін биоэтанол өндірісіне және айналымына қолданылмайды.
3-1-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңна масында көзделген тəртіппен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды; 2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызады; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді; 6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді; 7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Алкоголь өнімінің түрлері Алкоголь өнімінің түрлері, санаттары, атаулары мен ұғымдары техникалық регламентке сәйкес айқындалады.
6-бап. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекiтедi. Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді. 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Алкоголь өнімін өндіру үшін техникалық регламентке сәйкес этил спирті және тағамдық шикізат қолданылады. Этил спирті этил спирті шикізаты және тазартылған этил спирті болып бөлінеді. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде: 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге; Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидасын қараңыз 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы есепке алатын бақылау аспаптарымен, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулармен өндіруге тыйым салынады. 6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi біліктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады. 7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Этил спирті мен алкоголь өнімін: 1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес; 2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі. 9. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейiн қолданысы тоқтатылды, (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Этил спиртін өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу3-1-бап.4-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi6-бап. Алып тасталды7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау14-бап. Алып тасталды15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану18-бап. Алып тасталды19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру20-бап. Алып тасталды |