Астық туралы (2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 2 қаңтарға дейін қолданылған редакция
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар) 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу (3 - 9 баптар) 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау (10 бап) 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары (11 - 12 баптар) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары (13 - 16 баптар) 6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар) 7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату (34 - 38 баптар) 8-тарау. Астық қолхаттары (39 - 41 баптар) 9-тарау. Қорытынды ережелер (42 бап) Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық; 3) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен алып тасталсын (бұр.ред.қара) 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) ақша резерві - мемлекеттік астық ресурстарын өткізуден түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезінде туындаған залалдарын өтеу үшін пайдаланылатын (өткізуге жұмсалатын шығыстары ескеріле отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві; 4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері; 5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға; 6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7-1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет; 9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша 10-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 10-1) астық қолхаты - астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік; 11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша 13-1) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-1) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша 13-2) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 13-1) тармақша 13-3) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 13-3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-3) астық экспорттаушы - астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды 13-4) астықты нысаналы пайдалану - агент астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өткізілетін нан-тоқаш өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізген мемлекеттік астық ресурстарын олардың пайдалануы; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша 13-5) тармақша болып есептелсін (бұр.ред.қара) 13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені; 14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері; 17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы; 18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені; 20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық; 21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттік органдардың алуан түрлі дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабілеті; 22) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға; 23) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 24) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту - оның бір бөлігін сату және жаңа егіннің астығы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің белгіленген көлемін және қажетті сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егіннің астығын сатып алу; 25) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары; 26) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бір астық қабылдау кәсіпорнынан басқасына тасу; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 27) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган; 2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-1) тармақша өзгертілді 27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті орган астықтың ішкі нарықта қалыптасқан нарықтық бағасын ескере отырып белгілейтін баға; 28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 29) тармақша жаңа редакцияда 29) уәкiлеттi орган - құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiруді және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2009.11.12 № 229-ІV ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары: 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1) техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету; 2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) астық өткізу рыногын кеңейту; 4) астық сапасын қамтамасыз ету; 5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 7) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) 8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді 4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу: 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау; 5) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастырады және астық нарығын дамыту мен оның тұрақтылығын ұстап тұру жөнiнде өзге де шараларды қолданады; 2-1) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады; 5) - 7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 6-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 10) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 12) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 1) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру; 1-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 2-1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылау; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 3-1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді 4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру; 6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметін астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтауы тұрғысынан бақылау; 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 9) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлеу және бекiту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда 12) мынадай: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі; астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 12-1) мыналарды: астық нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын; астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын; мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлеу және бекіту; 13) 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 16), 17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 18) мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау; 19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау. 20) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту; 22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара) 23) облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлеу және бекіту; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) сатып алу бағасын белгілеу; 25) мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану туралы шешім қабылдау; 26) мемлекеттік астық ресурстарына: агент пен отандық астық өндіруші; агент пен астық экспорттаушы арасындағы астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 27) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 28) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту; 29) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлеу және бекіту және оларды астық экспорттаушыға беру. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 30) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 31) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын бекiту және әзірлеу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 32) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлеу және бекіту; |