|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы (2024.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу аясы 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi 4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету 5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру 5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі 5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті 5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары және санкциялар 5-5-бап. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары 5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 6-бап. Ипотека шартының нысаны 7-бап. Ипотека шартының мазмұны 8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары 9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру 9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту 10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту 11-бап. Ипотека шартына қосымшалар 13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны 14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы 15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу 16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру 17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру 18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру 19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату 20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері 20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі 21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу 22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату 23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу 24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi 25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар 27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны 28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау 29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу 30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар 31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу 32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау 33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты жарамсыз деп тану негіздері 34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру 35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы 36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу 37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықта», «Жарлықты», «Жарлықпен», «Жарлықтың», «Жарлық» деген сөздер тиісінше «Заңда», «Заңды», «Заңмен», «Заңның», «Заң» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар жəне жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни олардың мақсатына шектен тыс нұқсан келтірмей орнын ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер; 2) жылжымайтын мүлік ипотекасы (ипотека) - кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі; 3) ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыз, оның ішінде банктік қарыз немесе синдикатталған қарыз; 4) ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғынжай салу не оны сатып алу жəне (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз; 5) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға; 6) ипотекалық шарт - тараптардың негізгі міндеттемені қамтамасыз етуде ипотеканы белгілеу туралы келісімі; 7) ипотеканы өткізу - ипотеканың мəні болып табылатын мүлікті өткізу; 8) кепіл беруші - жылжымайтын мүлкі немесе ондағы үлесі ипотеканың мəні болып табылатын тұлға; 9) кепіл ұстаушы - негізгі міндеттеме бойынша мүдделері ипотекамен қамтамасыз етілген тұлға; 10) негізгі міндеттеме - ипотекамен толық немесе ішінара қамтамасыз етілген борыштық немесе өзге де міндеттеме; 11) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті орган - сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 12) сенім білдірілген тұлға - соттан тыс тəртіппен ипотеканы өткізуді жүргізетін тұлға; 13) уəкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Осы Заңды қолданылу аясы 1. Осы Заңмен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Заңмен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Заң мен басқа да заң актілері арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады. 2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Заңның ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады. 3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ипотекалық ұйымдарға және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi 1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi. 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтіндегі көлемiне қарай: 1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi; 2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi; 3) негiзгi мiндеттемеде не заң актілерінде көзделген бөгде адамның ақшаның заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi. 1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi; 2) ипотеканы өткізу жөніндегі шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi. 4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгіндегі мiндеттемелерi, осы Заңның осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды. 4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету Кепiл ұстаушы ипотека шартының ережелерiне сәйкес немесе кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiне орай, оны ұстау және күзету не осы жылжымайтын мүлiкке байланысты салықтар, алымдар немесе коммуналдық төлемдер бойынша кепiл берушiнiң берешегiн өтеу жөнiнде шығыстар тартқан жағдайларда кепiл ұстаушының мұндай қажеттi шығыстарын өтеу кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң есебiнен қамтамасыз етiледi. 5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 1. Бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiкке ипотека бұған барлық меншiк иелерiнiң жазбаша келісімi болған жағдайда белгiленуi мүмкiн. 2. Ортақ үлестiк меншiкке қатысушы ортақ мүлiктегi өз үлесiне құқығын басқа меншiк иелерiнiң келісімiнсiз кепiлге бере алады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды 1-1-тарау. Ипотекалық ұйым
5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру 1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғам нысанында құрылады. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Ипотекалық ұйымның атауында «ипотекалық ұйым» деген сөздер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ипотекалық ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлға ипотекалық ұйым деп аталына алмайды. Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптар Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қолданылмайды. 3. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган берген лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгетрілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық банктік қарыз беру болып табылады. 2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды: 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгетрілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық банктік қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды; 2) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды; 3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді; 4) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және одан айыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін: 1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті; 2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды; 3) өз мүлкін сатуды; 4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды; 5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; 6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды; 7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды; 8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 4-1. Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы осы баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтарында көзделген қызметпен және операциялармен қатар: 1) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған уәкілетті ұйымға және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде құрылысты жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қарыздар беруге; 2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде және жарғыда көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы. 5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Ипотекалық ұйымға: 1) қаржы ұйымдарының; 2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың; 3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қолданылмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-3-бап 3-тармақпен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-3-бап өзгертілді 5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті 1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді; 2) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізеді; 3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді; 4) ипотекалық ұйымдар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды. 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-2. Уәкілетті орган Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қатысты осы Заңның 5-2-бабының 1, 2, 4-тармақтарында және 4-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет пен операциялар бөлігінде осы баптың 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-4-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары және санкциялар Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған кезде, уәкілетті орган ипотекалық ұйымға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-5-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 5-5-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-5-бап. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары Мемлекеттік қолдау тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде: халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау; тұрғын үй құрылысының мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен жүзеге асырылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-6-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 5-6-бап өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде: 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады; 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын әзірлейді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
6-бап. Ипотека шартының нысаны 1. Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса (заттай кепiлгер) борышқор да қол қояды. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін негіз болып табылады. Ипотека құқығы ол тiркелген кезден бастап туындайды. 3. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады. 4. Кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (ресiмделуi) мүмкiн. ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Ипотека шартының мазмұны 1. Ипотека шартында мыналар көрсетiлуге тиiс: 1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi); 2) негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi; 3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы; 4) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатын құқықтың атауы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы және басқалары); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) кепіл берушінің кепіл мүлкін соттан тыс өткізу рәсімінің шеңберінде оның бағалау құнын айқындау үшін қарыз берушіге және (немесе) бағалаушыларға кепіл мүлкіне қолжетімділік ұсыну міндеті; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) қарыз алушы өзі жауап беретін, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кепіл берушінің кепіл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мүмкіндігіне келісуі; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды 4-3) кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кепіл берушінің қарыз ұстаушыға осындай барлық өзгерістер туралы ақпарат беру міндеті. Кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістерге оның тұрғылықты жерінің өзгеруі, тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыруы, кепіл берушімен байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының және байланыс тәсілінің өзгеруі жатады; 5) тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ипотека шартында келісімге қол жеткiзiлуге тиiс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де шарттар. 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ипотекалық шартта қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету құқығын көрсетуге тыйым салынады. 2. Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болса, ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн талаптар көрсетiлуге тиiс. 8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары 1. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 315-бабының 2-тармағындағы ережелер бұзылып, иелiктен шығарылған кезде кепiл ұстаушы өз таңдауына қарай: 1) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiленiң күшi жойылған деп танылуын; 2) негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын және кiмнiң меншiгi екенiне қарамастан, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiлуiн талап етуге хақылы. Соңғы жағдайда, егер кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алушы жылжымайтын мүлiктiң ережелері бұзылып иелiктен шығарылуы туралы оны сатып алу сәтiнде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, онда мұндай сатып алушы ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн кепiл берушiмен бiрге көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң құны шегiнде жауап тартады. 2. Кепiл берушi ипотека куәлiгiн берген кезде оның кепiлдiкке берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруына жол берiлмейдi. Ол жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар туындайды. 9-бап. Ипотека шарты жөніндегі құқықтарды беру Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттік тiркеуге жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу аясы3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 1-1-тарау. Ипотекалық ұйым5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары және санкциялар5-5-бап. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 2-тарау. Ипотека шарты6-бап. Ипотека шартының нысаны7-бап. Ипотека шартының мазмұны8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту11-бап. Ипотека шартына қосымшалар 3-тарау. Ипотека куәлiгi12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату 4-тарау. Ипотеканы өткiзу20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау33-бап. Сотқа жүгiну құқығы33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты жарамсыз деп тану негіздері34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу 5-тарау. Ипотеканы тоқтату |