Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы (2012.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты; ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты; 12) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 15) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 18) «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты; 19) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|