Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді (2008.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттік тiркелiмге енгiзудi қамтиды. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу: заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру; Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу; заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
ҚР 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тiркеуге жатады. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II ; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) , заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 02.03.01 ж. № 162-II 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң құзыры Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді; заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөніндегі қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды; Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды; заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөніндегі өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 23.03.00 ж. № 40-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2005.08.07. № 69-III ; 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу тәртібі Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады. Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын тіркеу үшін тіркеуші органға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді әділет органдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберген хабарламалар негізінде бірыңғай Мемлекеттік тізілімге енгізеді. Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етiледi. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi. Тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттары қосылады. Шетел қатысатын заңды түлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса; құрылтайшының - шетелдік жеке тулғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Саяси партиялар туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден өткізу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат табыс етiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етпейдi. Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады. Осы Заңда және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
ҚР ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-1-бап өзгертілді 6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол кояды. Өтінішке заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрі басылған шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым төленгенін және филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттар қоса беріледі. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген" тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн, құрылтай құжаттарын немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиiс. Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары, сондай-ақ салық тіркеуінің (немесе оның баламасының) нөмірін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлға инкорпорациясы еліндегі салық тіркеуін растайтын құжатты нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармамен ұсынылады.
ҚР 22.04.98 ж. № 221-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн субъектiлер табыс ететiн құрылтай құжаттары Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi. Құрылтай шарты және жарғысы заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақтар) нысанындағы шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлік қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары болып табылады. Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлік қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың басқа түрлерiн қоспағанда, жарғы не ереже құрылтай құжаттары болып табылады. Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже iс-қимыл жасай алады. Шағын , орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-1; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс. Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс.
ҚР 23.03.00 ж. № 39-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III ; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерi Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге де заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Саяси партияларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттар қоса берiле отырып, өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс. Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы толықтырылды 10-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеуге ақы төлеу Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн алуы кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мемлекеттік (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегінің болуы, сондай-ақ егер іс-әрекет етпейтін заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады. Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдіктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмде оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заң актілерiнің талаптарына сәйкес келмейтiндігiне сiлтеме жасалған дәлелдi жазбаша бас тарту құжатын бередi. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік (есептiк) тiркеуден немесе қайта тiркеуден өткізу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген реттерде жүргiзіледi.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеу немесе қайта тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік Заңды тұлғалардың құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша тiркеушi орган жаңадан құрылған заңды тұлғаға мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға қайта тіркеу туралы куәлік береді. Филиалдар мен өкілдіктерге есептік тіркеу туралы куәлік, олар қайта тіркеуден өткен жағдайда есептік қайта тіркеу туралы куәлік береді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк немесе филиалды және өкілдікті есептік тіркеу туралы куәлік табыс етiлген жағдайда ғана банкте есеп шоты ашылуы мүмкiн. Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялар алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен оның алып қойылған, қолданылу мерзiмi бiткен немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.
ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 13-бап толықтырылды; ҚР 19.06.97 ж. № 132-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Мемлекеттік статистикалық есеп Тіркеуші орган заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені, қызметінің тоқтатылғанын тіркеу туралы және орналасқан жерінің өзгергені туралы мемлекеттік статистика органдарына тіркеген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді. Хабарламаның нысаны мен оны мемлекеттік статистика органдарынан ұсыну тәртібін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені туралы хабарламаның нысанын және оны мемлекеттік статистика органдарына табыс ету тәртібін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Мемлекеттік статистика органдары тіркеуші орган хабарламаларының негізінде заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге біріздендіріліп, бірдейлендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтарды екі жұмыс күні ішінде береді, олар туралы мәліметтерді Мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізеді. Біріздендіріліп, бірдейлендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтардың берілгенін және Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қойылғанын растайтын құжат статистикалық карточка болып табылады, оны есепке қойылған күннен бастап мемлекеттік (есептік) тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға, филиалға және өкілдікке беру үшін тіркеуші органға бір жұмыс күні ішінде жібереді. Мемлекеттік статистика органдары заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге бiрiздендiріліп, бiрдейлендiрiлген және басқа да жүйелiк-есептiк кодтар берілген күннен бастап бiр жұмыс күні ішінде салық төлеушінің мемлекеттік тiркелуiн жүзеге асыру үшiн салық органдарына хабарлама жiбередi.
16.07.99 ж. № 436-1; 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады. Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат. Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады. Табиғи монополия субъектілерін қайта тіркеу үшін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі талап етіледі; тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі. |