<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КӨЛІК ТУРАЛЫ ҚР 21.09.94 Ж. № 156-XIII ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы

(2015.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актілері туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз

 

Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII Қаулысын қараңыз

 

  • Показать изменения

1-бөлiм. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

  • Показать изменения

2-бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi

(5 - 8 баптар)

  • Показать изменения

3-бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

(9 - 14 баптар)

  • Показать изменения

4-бөлім. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік

(15 - 24 баптар)

  • Показать изменения

5-бөлiм. Қорытынды ережелер

(25 - 26 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1 бөлiм. Жалпы ережелер

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдау - тарифтердің қолжетімді деңгейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;

  • Показать изменения

2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);

  • Показать изменения

3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;

  • Показать изменения

4) көлiк кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;

5) көліктік логистика - тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;

  • Показать изменения

5-1) көлік-логистика орталығы бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының көлігі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;

  • Показать изменения

7) қалалық рельстік көлік - қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);

  • Показать изменения

8) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

  • Показать изменения

9) тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

10) тiкелей аралас қатынас - бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау;

  • Показать изменения

11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-бап өзгертілдi

2-бап. Көлiк туралы заңдар

Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

  • Показать изменения

Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары

Көліктік логистика қағидаттары мыналар болып табылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) заңдылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қауіпсіздік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) сақталу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) рәсімдердің тұтастығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) тең қолжетімділік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 35-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 3-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

  • Показать изменения

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.

  • Показать изменения

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.

  • Показать изменения

Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.

  • Показать изменения

Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.

  • Показать изменения

Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.

  • Показать изменения

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 4-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

4-бап. Көлiк жерлерi.

Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен Республикадағы көлiк жерлерi болып:

  • Показать изменения

- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;

- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.

Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртібі жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.

  • Показать изменения

Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi

 

2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілдi

5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттік органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қарауындағы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара)  6-бап өзгертілдi

6-бап. Көлiктi мемлекеттік басқару

Көлiктi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органның негiзгi мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;

көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу;

  • Показать изменения

инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;

  • Показать изменения

республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • Показать изменения

көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;

  • Показать изменения

мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттік реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-бап өзгертілдi

7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау

  • Показать изменения

Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актілерімен белгiленедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 8-бап өзгертілдi

8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi

  • Показать изменения

Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Жолаушылар көлiгінің республикаішілік тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкілеттік берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс.

  • Показать изменения

Метрополитенмен жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыруды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

 

28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 15.12.01 ж. № 272-II ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 276-II ҚР Заңымен; 09.07.04 ж. № 596-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 9-бап өзгертілдi

9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi

Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.

  • Показать изменения

Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен:

қала iшіндегі, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық бюджеттерден;

ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

  • Показать изменения

Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темір жол желісін пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 10-бап өзгертілдi

10-бап. Тарифтер

  • Показать изменения

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа реттерде) белгiленедi.

  • Показать изменения

Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен; ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11-бап өзгертілдi

11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:

  • Показать изменения

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға;

- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келісім-шарт) жасасуға;

  • Показать изменения

- сәйкестікті растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;

- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;

- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;

- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;

- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;

  • Показать изменения

арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі);

  • Показать изменения

- Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.

  • Показать изменения

Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.

Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актілерінде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:

- өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;

- тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;

- келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.

Клиент:

- тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;

- жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;

- тасымалдау ережелерiн орындауға;

- жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс етуге мiндеттi.

  • Показать изменения

Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі.

Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келісімiмен тасымалдау шартында белгiленедi.

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөніндегі жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актілерімен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.

  • Показать изменения

Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен ; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 12-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын тiкелей аралас қатынас

  • Показать изменения

Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып, тікелей аралас қатынастар жүйесін құрайды.

  • Показать изменения

Тiкелей аралас қатынас кезіндегі көлiк ұйымдарының өзара қатынастары, сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртібі тиiстi көлiк түрлерiнiң ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келісімдерде белгiленедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 13-бап өзгертілдi және толықтырылды; ҚР 2005.29.09 № 77-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілдi

13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу жөніндегі жеңiлдiктер

Жолаушының мынадай құқықтары бар:

- кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;

- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;

  • Показать изменения

- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темір жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;

  • Показать изменения

- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;

  • Показать изменения

- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;

  • Показать изменения

- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;

  • Показать изменения

- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;

  • Показать изменения

- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.

  • Показать изменения

Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:

- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;

  • Показать изменения

- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.

  • Показать изменения

Әуе көлiгіндегі, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi. Әуе кемесінің салонына кіргізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.