|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңы (2024.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары 2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу 3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi 3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері 4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi 5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау 7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті 7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау 7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау 8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк 9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу 2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары 9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары 12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар 13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар 4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру 14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы 15-бап. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы 15-1-бап. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі 15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау 15-3-бап. Электр қуатының нарығы 15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі 15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру 15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі 15-10-бап. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы 16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы 17-бап. Электр энергиясы мен қуат нарығындағы шарттар 18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар 19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi 20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар 21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау 22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету 23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) авариялық бронь - адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты); 2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды 2-3) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-4) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы - реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-11) тармақшалармен толықтырылды 2-5) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттық) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс; 2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға; 2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға; 2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф; 2-9) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өңдеуге арналған процесс; 2-10) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф; 2-11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-12) генерация-тұтынудың нақты сальдосы - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) нақты мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-13) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы - электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәулік тік кестесінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы; 3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығы - жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасындағы жүйелік және қосалқы қызметтер көрсетуге байланысты өзара қатынастар жүйесі; 8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері; 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) жылу энергиясын беру - энергия беруші ұйымдар жасалған шарттарға сәйкес жылу желілері арқылы жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті тасымалдау жөнінде көрсететін қызмет; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың шарттар негізіндегі өзара қатынастар жүйесі; 11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама; 12) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы; 15-1) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 15-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-2) көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы - электрмен жабдықтау немесе тұтыну, сондай-ақ нормативтік-техникалық ысыраптарды жабу мақсатында электр энергиясын сатып алатын заңды тұлға; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды 15-3) күзгі-қысқы кезең - басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы; 16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы; 17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен реттеуші резервтері құрылымын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) мемлекеттік техникалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды 18-2) нарық кеңесі - электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер; 20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 20-2) оң теңгерімсіздік - мәні нөлден үлкен (теріс емес) кВт. сағаттағы теңгерімсіздік; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 20-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 20-3) операциялық тәуліктер - электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін іске асыру жүзеге асырылатын, ортаеуропалық уақытпен сағат 00.00-де басталатын және сағат 24.00-де аяқталатын күнтізбелік тәуліктер; 21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) өңірлік электр желілік компания - энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды 22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы - тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 22-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22-2) реттеуші электр қуаты - оның шегінде электр станциясы берілген параметрмен жұмыс істей алатын, қолда бар электр қуатының диапазоны (үлесі); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды 22-3) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 22-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 22-4) теңгерім провайдері - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз теңгерімсіздіктерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін олармен жасалған шарттарға сәйкес қаржылық реттегені үшін өзіне жауапкершілік алған, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастыратын теңгерім провайдерлерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 22-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 22-5) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы - уәкілетті орган айқындаған, теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асыратын ұйым; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) теңгерімдеуші электр энергиясы - жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыруы кезіндегі оң теңгерімсіздіктерді жабуға арналған электр энергиясы; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 23-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалатын ең жоғары рұқсат етілген бағасы; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 23-2) теңгерімсіздік - генерация-тұтынудың жоспарлы және нақты сальдосының кВт. сағаттағы айырмасы; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 23-3) теріс теңгерімсіздік - мәні нөлден кіші (теріс) кВт. сағаттағы теңгерімсіздік; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 23-4) теріс теңгерімсіздіктерге арналған шекті тариф - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалатын ең жоғары рұқсат етілген бағасы; 24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет; 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24-1) технологиялық бронь - үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-2), 24-3) және 24-4) тармақшалармен толықтырылды 24-2) технологиялық бұзушылық - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы; 24-3) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елдi мекендер шегінде жылумен жабдықтау саласында (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24-5) тармақшамен толықтырылды 24-5) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға; 25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; 26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 26-1) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 27) ұлттық электр желісі - кіші станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда ұлттық компанияға беріледі; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 27-1) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет - электр энергиясын экспорттайтын және импорттайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне және электр энергиясының мемлекетаралық транзитінің көлемі үшін басқа мемлекеттердің ұйымдарына, осы ұйымдардың құрамына кіретін объектілер үшін ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін ұйымдарға, шартты тұтынушыларға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен екіжақты шарттар жасасқан тұтынушыларға жүйелік оператор көрсететін қызмет;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары 2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi5-1-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау7-3-бап. Алып тасталды8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу 2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары9-1-бап. Жалпы ережелер9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары 3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарынақатысушылар10-бап. Жүйелiк оператор10-1-бап. Алып тасталды10-2-бап. Нарық кеңесі11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi өкiмдер12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар 4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы15-бап. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы15-1-бап. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау15-3-бап. Электр қуатының нарығы15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру15-8-бап. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер15-10-бап. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы17-бап. Электр энергиясы мен қуат нарығындағы шарттар18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi19-1-бап. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі 5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электрэнергетикасы объектілерін басқару20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |