<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 17.07.01 Ж. № 245-II ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Автомобиль жолдары туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6-баптар)

2-тарау. Автомобиль жолдарының жері

(7 - 10-баптар)

3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару

(11 - 19-баптар)

  • Показать изменения

3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

(19-1 - 19-5-баптар)

4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану

(20 - 27-баптар)

5-тарау. Алып тасталды

(28 - бап)

  • Показать изменения

6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор

(29 - 30-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

3) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстіндегі белгiленген габарит шегіндегі әуе кеңiстiгi;

  • Показать изменения

4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;

  • Показать изменения

5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Показать изменения

6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Показать изменения

7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;

  • Показать изменения

8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;

  • Показать изменения

9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі - жол учаскесі) - автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі;

  • Показать изменения

10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) - ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1) ақылы қозғалысты ұйымдастыру - жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату, сондай-ақ ақылы автомобиль жолын басқару арқылы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу жөніндегі іс-шаралар;

  • Показать изменения

12) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;

  • Показать изменения

13) габариті iрi көлiк құралы - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;

  • Показать изменения

14) жол бойындағы белдеулер - көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;

  • Показать изменения

15) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16) жол қызметі - автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17) жол қызметiн басқару - жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, ұлттық стандарттар мен озық технологияларды енгізу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19) жол органы - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

  • Показать изменения

20) жол сервисі объектілері - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

20-1) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені - жүріп өту үшін ақы алуға арналған, автомобиль жолы жабдығының, бағдарламалық жасақтамасының және элементтерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - елдi мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

22) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар - автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ бұл ретте пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Автомобиль жолдарының жіктелімі

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:

1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады;

  • Показать изменения

2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;

  • Показать изменения

2-1) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететін, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кірме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық ішіндегі жолдары, қызметтік, патрульдік және жеке меншік автомобиль жолдары жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. Елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 297-III (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

7. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

  • Показать изменения

Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.

  • Показать изменения

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында әрекет ететін ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға берілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары оларды салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды

4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда  (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның келісуімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасында осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Ұлттық оператордың тартқан қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін.

  • Показать изменения

Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолы (жол учаскесі) ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларға сенімгерлік басқаруға беріледі.

  • Показать изменения

Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылармен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тармақ 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мыналарға:

  • Показать изменения

1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;

  • Показать изменения

2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;

3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;

4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.

  • Показать изменения

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға бағытталатын шығыстар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды өтеп болғаннан кейін жүріп өту үшін ақыдан алынған ақша есебінен өтеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздері пайдаланылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

  • Показать изменения

1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

  • Показать изменения

2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне не жүк автомобиль көлігіне ғана арналған ІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);

  • Показать изменения

4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:

1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;

2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;

3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;

4) ұзындығы;

  • Показать изменения

5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі;

6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;

7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.