Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы (2010.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 07.01.00 ж. № 28; 10.02.00 ж. № 197; 06.05.00 ж. № 682; 21.11.00 ж. № 1745; 15.02.01 ж. № 236; 17.04.02 ж. № 445; 18.11.02 ж. № 1217 (бұрынғы ред. қара); 22.05.03 ж. № 476 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. № 1007 18.05.04 ж. № 552; 2005.06.05 № 434 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.26.04. № 334 (бұр.ред.қара); 2008.19.03. № 271 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1238 (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 1846 (бұр.ред.қара); 2010.05.10. № 1026 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін; республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады. ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 ; 2008.19.03. № 271 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
4. Комиссияның органдары: 1) жұмысшы орган; 2) Комиссияның төрағасы; 3) төрағаның орынбасары; 4) хатшы; 5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді. ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2005.06.05 № 434 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгiзу үшiн Комиссия отырысының күн тәртiбiне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады: бизнес-жоспар; сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы; құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы 8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі. 9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар. 10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі. 11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды. 12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі. 13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару); 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру; 3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді. 15. Комиссияның қызметін тоқтатуына: 1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру; 3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады. 16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді. 17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады. Комиссияның есеп-хаты: 1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты; 2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысы. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 144 өкімі. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 271 өкімі. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 123 қаулысы. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 64 өкімі. 6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1056 қаулысы. |