|
|
|
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы (2007.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1317 Қаулысымен күші жойылды
Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі бекітілсін. 1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары; 2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2007.15.02. № 114 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің тізбесі; 3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін. 4. Мыналар: 1) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне қосымшаларда көрсетілгендердің 75 пайызы мөлшерінде кедендік баждардың ставкалары қолданылады; 2) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баж салудан босатылады деп белгіленсін. 5. Кедендік баждардың ставкаларын өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін. Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданады. ҚР Үкіметінің 2007.15.02. № 114 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Қазақстан Республикасының кеден органдары осы қаулының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды әкелу және әкету кезінде кедендік ресімдеуді және кедендік баждар алуды Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне қосымшаға сәйкес кедендік баждардың ставкалары бойынша жүзеге асырсын. 7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 8. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі
Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың негізгі ережелерi
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасында (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеу мынадай ережелер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бөлімдердің, топтар мен кіші топтардың атаулары ҚР СЭҚ ТН-ды пайдаланудың қолайлылығы үшін ғана келтіріледі; заңдық мақсаттар үшін ҚP СЭҚ ТН-де тауарларды жіктеу тауар позицияларының мәтіндерін және бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерді негізге ала отырып, және, егер осындай мәтіндермен өзгеше көзделмесе, мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады: 2. а) тауар позициясы атауындағы қандай да бір тауарға кез келген сілтеме, жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жинақталымды емес немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеттеріне ие болуы шартымен жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрдегі осындай тауарға сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жинақталымды немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге байланысты жинақталымды немесе аяқталған түрде жіктелетін) сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс; б) тауар позициясы атауындағы қандай да бір материалға немесе затқа кез келген сілтеме осы материалдың немесе заттардың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосылыстарына сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сілтеме толық немесе ішінара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс. Бірден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жіктеу 3-Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Егер 2 (б) Ережеге байланысты немесе қандай да бір басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екі немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкіндігі болса, мұндай тауарларды жіктеу мынадай үлгіде жүзеге асырылады: а) артықшылық, неғұрлым ортақ сипаттамасы бар тауар позициясымен салыстырғанда, неғұрлым нақты сипаттаманы қамтитын тауар позициясына беріледі. Алайда, екі немесе одан да көп тауар позициясының әрқайсысының қоспалардың немесе көп бөлікті бұйымдардың құрамына кіретін материалдардың немесе заттардың бөліктеріне ғана немесе бөлшек саудаға арналып ұсынылған тауарлардың бөлігіне ғана қатысы болса, онда осы тауар позициялары, тіпті олардың біреуі тауардың неғұрлым толық немесе дәл сипаттамасын берсе де, осы тауарға қатысы бойынша тең мәнді ретінде қарастырылуға тиіс; б) әр түрлі материалдардан тұратын немесе әр түрлі бөліктерден дайындалатын қоспалар, көп бөлікті бұйымдар, және оларды жіктеу 3(а) Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бөлшек саудаға арналған жинақталымдарда ұсынылған тауарлар, осы өлшемнің қолданылуы шартымен, осы тауарларға негізгі қасиет беретін материал немесе құрамдас бөлік бойынша жіктелуге тиіс; в) жіктелуі Ереженің 3 (а) немесе 3 (б) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар осы тауарларды жіктеу кезінде қарау үшін тең дәрежеде қолайлы тауар позициялары арасында кодтардың өсу тәртібіндегі соңғы тауар позициясында жіктелуге тиіс. 4. Жоғарыда жазылған ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар қарастырылып отырған тауарларға барынша ұқсас (жақын) тауарларға сәйкес келетін тауар позициясында жіктеледі. 5. Төменде аталған тауарларға қатысты жоғарыда аталған ережелерге толықтыру ретінде мынадай ережелер қолданылуға тиіс: а) фотоаппараттарға, музыкалық аспаптарға, мылтықтарға, сызу керек-жарақтарына, алқаларға арналған тысқаптар мен футлярлар, сондай-ақ ұзақ пайдалану үшін жарамды және оның өзіне арналған бұйымдармен бірге ұсынылатын тиісті бұйымдарды немесе бұйымдар жинақталымын орналастыру үшін арнайы нысаны бар ұқсас ыдыс, егер ыдыстың осындай түрі әдетте сатуға арналған бұйымдармен бірге түссе, оларда қапталған бұйымдармен бірге жіктелуге тиіс. Алайда, осы Ереже оралған бұйыммен біртұтас бүтінді құрай отырып, соңғыға негізгі қасиет беретін ыдысқа қолданылмайды; б) жоғарыда келтірілген Ереженің 5 (а) талабына сәйкес өзіндегі тауарлармен бірге ұсынылатын орама материалдар және ыдыстар, егер олар әдетте осы тауарлардың орамасы үшін пайдаланылатындай түрде болса, бірге жіктелуге тиіс. Алайда, егер осындай орама материалдар немесе ыдыстар қайта пайдалану үшін жарамды болса, бұл ереже міндетті болып табылмайды. 6. Заңдық мақсаттар үшін тауар позициясының қосалқы позицияларындағы тауарларды жіктеу тек қосалқы позициялар бір деңгейде салыстырмалы болуы шартымен қосалқы позициялар мен ескертпелердің қосалқы позицияларға қатысы бар атауларына, сондай-ақ mutatis mutandis жоғарыда аталған ережелердің талаптарына сәйкес асырылуға тиіс. Осы Ереженің мақсаттары үшін, егер мәтінде өзгеше келісілмесе, бөлімдер мен топтарға тиісті ескертпелер де қолданылуы мүмкін.
Өлшем бірліктері
Кедендік әкелу баждары ставкаларының ерекше және құрама түрлерін қолдану ерекшеліктерi
Тауарлар салмағының килограмы үшін евромен белгіленген ерекше ставкалары немесе тауар салмағының килограмы үшін евродағы ерекше құрамасымен құрамдастырылған ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар сомаларын есептеу кезінде есептік база ретінде оны тұтынғанға дейін тауардан ажырамайтын және онда тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын оның бастапқы орамасы ескеріле отырып, тауар салмағы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға кедендік баждардың ставкалары
I бөлім. Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер II бөлім. Өсімдіктен алынатын өнімдер III бөлім. Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар; жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар IV бөлім. Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер және сірке суы; темекі және оның алмастырғыштары VI бөлім. Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері VII бөлім. Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; көксағыз, резеңке және VIII Бөлім. Өңделмеген терілер, өңделген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа) IX бөлім. Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе тоқуға арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да тоқыма бұйымдар Х бөлім. Сүректен немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан жасалған масса; қалыпқа түсірілетін қағаздар немесе картон (макулатура және қалдықтар); қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар XI бөлім. Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары ХII бөлім. Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбыртқылар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар мен олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар XIII бөлім. Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе керамикалық бұйымдар; ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар ХІV бөлім. Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металл жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар ХV бөлім. Қымбат бағалы емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар ХVІ бөлім. Машиналар, жабдықтар және тетіктер; электротехникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері XVII бөлім. Жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін құралдар және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар ХVІІІ бөлім. Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары ХІХ бөлім. Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары XX бөлім. Әр түрлі өнеркәсіп тауарлары XXI бөлім. Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат Түпнұсқада мазмұны жоқ
Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілетін тауарларға кеден баждарының ставкалары1
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |