Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Қазақстан (2003.29.12 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I-бөлім. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) II-бөліМ. Шаруашылық серіктестіктерінің (10 - 62 баптар) жекелеген түрлерінің ерекшеліктері I-тарау. Толық серіктестік (10 - 25 баптар) II-тарау. Сенім серіктестігі (26 - 36 баптар) "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдарды құру, олардың қызметi және оны тоқтату барысында туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын: ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi 1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер 1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. 2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенім серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. 3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады. ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен 2-бап толықтырылды 2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар 1. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясынан, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетінің осыларға сәйкес қабылдайтын нормативтi актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта осы Жарлықтағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың - банктердiң, сақтандыру қоғамдарының, бiрлескен кәсiпорындардың және басқаларының жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Жарлықпен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледi немесе арнаулы заң актілерімен белгiленген тәртiппен. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жекелеген түрлерiнiң қызметiн реттейтiн заң актілерінiң ережелерi осы Жарлықтың нормаларына қайшы келген жағдайда арнаулы заң актілерінiң ережелерi қолданылады. Қазіргі кезде банктер және сақтандыру ұйымдары шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрыла алмайды ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар 1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенім серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенім серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс. 4. Азаматтар мен өкiлдi, атқарушы және сот билiгi органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке қатысушы және сенім серiктестiгiне салымшылар бола алады. Заң актілерінде осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған атқарушы өкiмет органдары шаруашылық серiктестiгiне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуi мүмкiн. 5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн. 6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, осы Жарлыққа сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады. ҚР 19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеу 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. Шаруашылық серiктестiкті ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. 2. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады. 3. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттік немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актілерінде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс. Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы. 4. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды. 5. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актілерінде өзгеше тәртiп көзделмесе. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды. 6. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары (жарғысы мен құрылтай шарты) нотариалдық куәландыруға жатады. 7. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртібін белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгізудiң мерзiмi мен тәртібі туралы; құрылтайшылардың салымды енгізу жөніндегі мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады. Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. 8. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысын құрылтайшылар бекiтедi, ол құрылтай шартында көрсетiледi. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысында: серiктестiктiң түрi, оның атауы, орналасқан жерi, қызметiнiң мерзiмi (егер бұл оны құру кезiнде белгiленсе), басшының өкiлеттiгi, басқару және бақылау органдары, олардың құзыры, мүлiктi құрау тәртібі, пайданы бөлiсу және шығынды өтеу тәртібі, серiктестiк қызметiн тоқтатудың (қайта ұйымдастырудың немесе таратудың) шарттары, сондай-ақ серiктестiк пен құрылтайшылардың (қатысушылардың) өзара қарым-қатынасы анықталады. Жарғыда заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. 9. Құрылтай құжаттарында осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн осы Жарлықта қарастырылған шарттар да болуға тиiс. 10. Заң актілерімен құқық берiлген мемлекеттік органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртібімен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады. 11. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады. 12. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Жарлықта көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актілерінде анықталады. 13. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік тiркеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріндегі шаруашылық серiктестiктерi туралы деректердi заңды тұлғаларды тiркейтiн органдар ресми баспасөзде ұдайы жариялап тұруға тиiс. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысқан шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi. 5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды. 2. Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады. 3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер: 1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары; 2) оның қызметiнен алынған табыс; 3) заң актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады. ҚР 15.07.96 ж. № 30-1.; 11.07.97 ж. № 154-1; 22.04.98 ж. № 221-1 Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды. 2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгізуге жол берiлмейдi. Зерделік меншігі объектілерін материалдық емес активтер құрамына енгізу тәртібін қара 3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады. Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi. 4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. 5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы. 6. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбір түрлерi үшiн осы Жарлықта және басқа заң актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi. Жарғылық капиталды осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады. 7. Жарғылық капиталға салымдар енгізу тәртібі мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актілерімен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi 1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады. 2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi процент түрiнде есептеледi. 3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкіндегі үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртібін анықтай алады. 4. Егер арнаулы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың серiктестiк мүлкіндегі өз үлесiн кепiлге салуға және сатуға құқығы бар. 8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады. 2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады. Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн. 1) басқарма (дирекция); 2) байқаушы кеңес; Мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктерде байқау кеңестерін құру және олардың қызметтерін бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені қара 3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн. 4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы. 5. Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртібі осы Жарлықпен, заң актілерімен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi. ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 9-бап толықтырылды 9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы 1. Шаруашылық серiктестiгi: 1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен соң; 2) құрылғанда алдына қойған мақсатына жеткеннен соң; 3) қатысушылардың арасындағы келісім бойынша; 4) шаруашылық серiктестiгi белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған жағдайда; 5) осы Жарлықта, басқа заң актілерінде немесе шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады. 2. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы қайта ұйымдастыру (қосылу, қосып алу, бөлiну, қайта құру) немесе тарату жолымен жүргiзiледi. Шаруашылық серiктестiгi қайта ұйымдастырылған кезде серiктестiктiң құжаттарына және заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiне қажеттi өзгерістер енгiзiледi, ал таратылған кезде мемлекеттік регистрге тиiстi жазу жазылады. 3. Шаруашылық серiктестiгiнiң бiр түрiн, осы Жарлықтың ережелерiн сақтай отырып, қатысушылардың жалпы жиналысында шаруашылық серiктестiгiнiң басқа түрiне не өндiрiстiк кооперативтерге айналдыруға болады. 4. Толық серiктестiктi немесе сенім серiктестiгiн акционерлік қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке айналдырғанда акционерлік қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi, немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық немесе сенім серiктестiгiнен акционерлік қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке кешкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиарлық жауап бередi. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларын (үлестерiн) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды. 5. Шаруашылық серiктестiгiн таратуды оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда - соттың шешiмi бойынша сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде шаруашылық серiктестiгiнiң алдағы уақытта таратылатыны туралы жариялайды. 6. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серiктестiгiнiң iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiк соған көшедi. Тарату комиссиясы шаруашылық серiктестiгiнiң қолда бар мүлкiн бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серiктестiкке қатысушыларға табыс етедi. Кредиторлардың наразылығын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, банкроттық туралы заң актілеріне және Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi. 7. Шаруашылық серiктестiгiнде қалған мүлiк серiктестiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, соның iшiнде заң актілерінде көзделген өтемдiк төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серiктестiктiң жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi. 8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде тiркеушi органдарға тарату балансы табыс етiледi, соның негiзiнде мемлекеттік регистрге шаруашылық серiктестiгi таратылғаны туралы жазу жазылады. 9. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiне жазу жазылған сәттен бастап тарату аяқталған, ал шаруашылық серiктестiгi өз қызметiн тоқтатқан деп саналады. II БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI I-ТАРАУ. ТОЛЫҚ СЕРIКТЕСТIК 10-бап. Толық серiктестiк ұғымы Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады. 11-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Толық серiктестiкке қатысушылардың: 1) осы Жарлықта және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға; 2) толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде серiктестiктiң бухгалтерлiк және басқа да құжаттамасымен танысуға; 3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкіндегі өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға; 4) белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға; 5) толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқығы бар. 2. Толық серiктестiктерге қатысушылардың осы Жарлыққа, басқа заң актілеріне және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. 3. Осы Жарлыққа және басқа заң актілерінде толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келісімi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады. 4. Толық серiктестiкке қатысушылар: 1) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын сақтауға; 2) толық серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге; 3) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға; 4) өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан тартынуға; 5) толық серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi. 5. Толық серiктестiкке қатысушылар осы Жарлықта және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттер қабылдай алады. 6. Толық серiктестiкке қатысушыларды осы Жарлықта, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерге кiрмейтiн iс-әрекет жасауға мiндеттейтiн олардың келісімдерi жарамсыз болып табылады. 7. Толық серiктестiкке қатысушы осы Жарлықта, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамаса, соның салдарынан серiктестiкке немесе оған қатысушыларға зиян келтiрiлсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулi зиян келтiрген жағдайда оның серiктестiктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы. 12-бап. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарының мазмұны 1. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда: 1) барлық қатысушылардың есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер, не болмаса; 2) "және компания" деген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер болуы керек. 2. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында осы Жарлықтың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. 13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкіндегі үлесi 1. Толық серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшерi қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгiленген есептiк көрсеткiштiң жиырма бес мөлшерiнен кем болмауы керек. 2. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртібі мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi. 3. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкіндегі үлесi осы Жарлықтың 7-бабындағы ережелермен анықталады. 14-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу 1. Толық серiктестiктiң жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөніндегі шешiм барлық қатысушылардың ортақ келісімi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшiлiк дауысымен шешiм қабылданатын реттер де көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысы бiр дауысқа ие болады. Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне қарай белгiлеу көзделуi мүмкiн. 2. Толық серiктестiктi басқаруда осы баптың 1-тармағының ережелерiн ескере отырып толық серiктестiктiң атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртібі және олардың құзыры құрылтай құжаттарында белгiленедi. 3. Толық серiктестiкке қатысушының өзге қатысушылардың келiсуiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғаның мүдделерi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серiктестiкке келтiрiлген шығынның орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы. 4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiк органдары қатысушылардың талап етуi бойынша олардың бәрiне өз қызметi жайында толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi. 5. Өкiлеттiгi болмаса да орталық мүдделер үшiн iс-әрекет жасаған қатысушы, оның iс-әрекетiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзiнiң iс-әрекетi арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығыстардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдейтiн болса, серiктестiктен өзi жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту 1. Қатысушы серiктестiктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серiктестiк мүлкіндегі оның үлесiн кредитор (кредиторлар) өндiрiп алуды қолданған, толық серiктестiкке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жариялаған, белгiсiз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектелуi деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келісімiмен белгiленбеген болса, толық серiктестiк тоқтатылуға жатады. 2. Толық серiктестiк өз қызметiн одан әрi жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серiктестiк мүлкіндегі үлесi басқа қатысушыларға немесе үшiншi тұлғаға көшкен, қатысушы серiктестiктен шығарылған, немесе серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгiзiле отырып, толық серiктестiк қайта тiркелуге тиiс. 16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы 1. Толық серiктестiкке қатысушы серiктестiкке қатысудан бас тартатыны жайында мәлiмдеп, одан шығуға құқылы. |