|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы (2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап . Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 2-бап. Алматы қаласының аумағы 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi 4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия 4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті 6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор
Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретіндегі ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. 2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады. ҚР 05.07.04 № 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады. 2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды. ҚР 29.12.03 № 512-11; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Алматы қаласының аумағы 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Алматы қаласының аумағын жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейтiн және өзгертетiн, Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды. 2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртібі мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады. 4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы ескеріле отырып құрылады. 2-1-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 20.11.98 ж. № 303-1; 24.12.01 ж. № 276-II; 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi Алматы қаласының өкiлдi органы: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге; 2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртібін белгiлеуге; 3) 05.07.04 № 570-11 ҚР Заңымен алып тасталды 4) аумақтық мемлекеттік және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге; 5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға; 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуының қажеттігі мен шарттары туралы шешімдер қабылдауға; 7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекітуге; 8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртібін белгiлеуге; 8-2) «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға; 9) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісуге; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылды 11) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітуге; 12) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітуге; 13) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекітуге; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекітуге; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 15) - 18) тармақшалармен толықтырылды 15) Алматы қаласының дизайн-кодын бекітуге; 16) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады 16) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құруға, оның құрамын және ол туралы ережені бекітуге; 17) Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітуге; 18) меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге құқылы.
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 13.06.01 ж. № 212-II 05.07.04 № 570-11 (бұр.ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органы: 1) 2004.20.12 № 13-III алып тасталды 2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттік пакеттерін иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады; 4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді; 4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды; 4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi; 4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды 4-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады; 5) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7) тармақшалармен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы; 6-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы; 6-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы; 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 6-5-тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-5) Алматы қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөн деуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6-6) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады; 6-7) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады; 7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттік басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады; 8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгентәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13), 9-14), 9-15), 9-16), 9-17), 9-18), 9-19), 9-20), 9-21), 9-22), 9-23), 9-24), 9-25) және 9-26) тармақшалармен толықтырылды 9-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады; 9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Алматы қаласын дамыту мен құрылыс салудың бас жоспарын, Алматы қаласының қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді; 9-3) Алматы қаласында еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді; 9-4) Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 9-5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындайды; 9-6) Алматы қаласының аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді; 9-7) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады; 9-8) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 9-9) коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілейді; 9-10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады; 9-11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді; 9-12) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді; 9-13) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-14) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды; 9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 9-16) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-17) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-18) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-19) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді; 9-20) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді; 9-21) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді; 9-22) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-23) Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-24) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-24) Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-25) сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану бойынша заңды тұлғаны айқындайды; 9-26) жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды; 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 9-27) - 9-37) тармақшалармен толықтырылды 9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді; 9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады; 9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді; 9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді; 2) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады 9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді; 9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9-38) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 9-38) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласында экологиялық ахуалды, атмосфералық ауаның сапасын жақсартуды жəне қалдықтарды басқаруды қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады) 4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия 1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады. 2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды. 3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады. 4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады. Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды. Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады. 5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады. 6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды.
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арттыру коэффициенті қолданылады.
5-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 6-бап. 2004.20.12 № 13-III алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап . Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны2-бап. Алматы қаласының аумағы2-1-бап. Алып тасталды3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті5-бап. Алып тасталды6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор7-бап. Алып тасталды8-бап. Алып тасталды |