Шаруашылық серіктестіктері туралы (2011.01.03 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен актінің нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
I-бөлім. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) II-бөлім. Шаруашылық серіктестіктерінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері (10 - 62 баптар) I-тарау. Толық серіктестік (10 - 25 баптар) II-тарау. Сенім серіктестігі (26 - 36 баптар)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықты», «Жарлықтан»,» Жарлықтағыдан», «Жарлықпен»,» Жарлықтың», «Жарлыққа»,» Жарлықта» деген сөздер тиісінше «Заңды», «Заңнан», «Заңдағыдан», «Заңмен», «Заңның», «Заңға», «Заңда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi 1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер 1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. 2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. 3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады. ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2- бап өзгертілді 2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледi немесе арнаулы заң актілерімен белгiленген тәртiппен. осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар 1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс. 4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады. Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн. 6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.
ҚР 19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ;2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеу 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. Шаруашылық серiктестiкті ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. 2. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады. 3. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттік немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актілерінде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс. Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы. 4. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды. 5. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актілерінде өзгеше тәртiп көзделмесе. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды. 6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс. 7. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртібін белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгізудiң мерзiмi мен тәртібі туралы; құрылтайшылардың салымды енгізу жөніндегі мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. 8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін. 9. Құрылтай құжаттарында осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн осы Заңда қарастырылған шарттар да болуға тиiс. 10. Заң актілерімен құқық берiлген мемлекеттік органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртібімен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады. 11. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады. 12. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актілерінде анықталады. 13. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік тiркеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріндегі шаруашылық серiктестiктерi туралы деректердi заңды тұлғаларды тiркейтiн органдар ресми баспасөзде ұдайы жариялап тұруға тиiс. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысқан шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi. 5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды. 2. Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады. 3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер: 1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары; 2) оның қызметiнен алынған табыс; 3) заң актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады. ҚР 15.07.96 ж. № 30-1.; 11.07.97 ж. № 154-1; 22.04.98 ж. № 221-1 Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды. 2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгізуге жол берiлмейдi. Зерделік меншігі объектілерін материалдық емес активтер құрамына енгізу тәртібін қара 3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады. Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi. 4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. 5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы. 6. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбір түрлерi үшiн осы Заңда және басқа заң актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi. Жарғылық капиталды осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады. 7. Жарғылық капиталға салымдар енгізу тәртібі мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актілерімен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi 1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады. 2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi процент түрiнде есептеледi. 3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкіндегі үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртібін анықтай алады. 4. Егер арнаулы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың серiктестiк мүлкіндегі өз үлесiн кепiлге салуға және сатуға құқығы бар. 8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады. 2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады. Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн. 1) басқарма (дирекция); 2) байқаушы кеңес; Мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктерде байқау кеңестерін құру және олардың қызметтерін бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені қара 3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн. 4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы. 5. Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртібі осы Заңмен , заң актілерімен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 58- ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертiлдi 8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі 1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті. Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп: 1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат; 2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы; 3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы; 4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру; 5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу; 6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы; 7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; 8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім; 9) аудиторлық есеп (ол бар болса); 9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат; 10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады. 2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. 3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 8-2-баппен толықтырылды 8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар 1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс. 2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс: 1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары; 3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; 5) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар; 7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар; 10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі; 11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері); 12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері). 3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 9-бап толықтырылды 9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы 1. Шаруашылық серiктестiгi: 1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен соң; 2) құрылғанда алдына қойған мақсатына жеткеннен соң; 3) қатысушылардың арасындағы келісім бойынша; 4) шаруашылық серiктестiгi белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған жағдайда; 5) осы Заңда, басқа заң актілерінде немесе шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады. 2. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы қайта ұйымдастыру (қосылу, қосып алу, бөлiну, қайта құру) немесе тарату жолымен жүргiзiледi. Шаруашылық серiктестiгi қайта ұйымдастырылған кезде серiктестiктiң құжаттарына және заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiне қажеттi өзгерістер енгiзiледi, ал таратылған кезде мемлекеттік регистрге тиiстi жазу жазылады. 3. Шаруашылық серiктестiгiнiң бiр түрiн, осы Заңдың ережелерiн сақтай отырып, қатысушылардың жалпы жиналысында шаруашылық серiктестiгiнiң басқа түрiне не өндiрiстiк кооперативтерге айналдыруға болады. 4. Толық серiктестiктi немесе сенiм серiктестiгiн акционерлік қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке айналдырғанда акционерлік қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi, немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлік қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке кешкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиарлық жауап бередi. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларын (үлестерiн) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды. 5. Шаруашылық серiктестiгiн таратуды оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда - соттың шешiмi бойынша сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргiзедi. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде шаруашылық серiктестiгiнiң алдағы уақытта таратылатыны туралы жариялайды. 6. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серiктестiгiнiң iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiк соған көшедi. Тарату комиссиясы шаруашылық серiктестiгiнiң қолда бар мүлкiн бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серiктестiкке қатысушыларға табыс етедi. Кредиторлардың наразылығын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, банкроттық туралы заң актілеріне және Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi. 7. Шаруашылық серiктестiгiнде қалған мүлiк серiктестiк қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, соның iшiнде заң актілерінде көзделген өтемдiк төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы мiндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серiктестiктiң жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi. 8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде тiркеушi органдарға тарату балансы табыс етiледi, соның негiзiнде мемлекеттік регистрге шаруашылық серiктестiгi таратылғаны туралы жазу жазылады. 9. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiне жазу жазылған сәттен бастап тарату аяқталған, ал шаруашылық серiктестiгi өз қызметiн тоқтатқан деп саналады.
II БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
I-ТАРАУ. ТОЛЫҚ СЕРIКТЕСТIК
10-бап. Толық серiктестiк ұғымы Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Толық серiктестiкке қатысушылардың: 1) осы Заңда және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға; 2) толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде серiктестiктiң бухгалтерлiк және басқа да құжаттамасымен танысуға; 3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкіндегі өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға; 4) белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға; 5) толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға ; 6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар. 2. Толық серiктестiктерге қатысушылардың осы Заңға , басқа заң актілеріне және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. 3. Осы Заңға және басқа заң актілерінде толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келісімi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады. |